$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.02.2022, 12:08
Оқиғалар

ШҚО-да бейтаныс жігіттен ақша бопсалағандар ұсталды

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды

ШҚО-да бейтаныс жігіттен ақша бопсалағандар ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

ШҚО-да бейтаныс жігіттен ақша бопсалағандар ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осы жылдың қаңтар айының соңында Өскемен қаласы полиция басқармасы Үлбі полиция бөлімінің «102» жедел арнасына облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны арызбен жүгінді. Арызданушы азамат оған түскі уақытта үш таныс емес жігіт зорлық-зомбылық көрсетеміз деп қорқытып, одан 30 000 теңге талап еткенін айтты. Жәбірленушінің қорқынышын пайдаланған қаскөйлер, оның атына құны 230 000 теңге тұратын смартфонға тауарлық несие рәсімдеген.

Арыз түскен бойы Полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бейнебақылау камераларының көмегімен патрульдік полиция жасағы криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар 22, 21 және 19 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты. 

Тергеу амалдары барысында күдіктілер кінәларын мойындаған.

Қазіргі уақытта қаскөйлер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194 - бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Серіктес жаңалықтары