$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.02.2022, 13:39
Оқиғалар

Павлодар облысында жол апатына түскен әйел мен сәбидің жағдайы белгілі болды

Жол-көлік оқиғасында зардап шеккен әйел травматология бөлімшесінде жатыр

Павлодар облысында жол апатына түскен әйел мен сәбидің жағдайы белгілі болды
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында жол апатына түскен әйел мен сәбидің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен әйелдің жағдайының ауырлығы орташа деп бағаланып отыр. 

"Алдын ала қойылған диагноз бойынша сол жақ иық сүйегінің диафизінің төменгі үштен бір бөлігінің жылжуымен жабық сынуы  анықталды.  Ем алуда. Қабылдау бөлімшесінде қаралды. Амбулаторлық бақылауға жіберілді", - дейді басқармада.

Еске сала кетейік,  Екібастұз қаласынан шыққан кезде «Тоyоtа Aristo» автомашинасының 28 жастағы жүргізушісі Павлодар – Қызылорда  автожолының 123-124 км-ге қозғалып, рульді басқара алмай, бөлгіш  бағанға соғылған.
Салдарынан жүргізуші қаза тауып, бала мен әйел адам ауруханаға жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары