10.02.2022, 10:23
Оқиғалар
Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты
Бұдан бөлек екі адам зардап шекті
Фото: ашық дереккөзден
Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты. Жол апаты 9 ақпан күні сағат 17.05-те орын алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз қаласынан шыққан кезде «Тоyоtа Aristo» автомашинасының 28 жастағы жүргізушісі Павлодар – Қызылорда автожолының 123-124 км-ге қозғалып, рульді басқара алмай, бөлгіш бағанға соғылған.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. 2000 жылы туған жолаушы мен 2020 жылы туған сәби жарақатпен ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды