$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.02.2022, 19:06
Оқиғалар

«Дикий Арман» 24 бейбіт тұрғынды аяусыз сабаған, бір адам қаза тапты – Бас прокуратура

Алғашында ол тек қару сақтағаны үшін ғана ұсталған болатын

«Дикий Арман» 24 бейбіт тұрғынды аяусыз сабаған, бір адам қаза тапты – Бас прокуратура
Фото ашық дереккөзден

Арман Жұмагелдиев пен оның жақтастары Алматыда болған бүлік кезінде бейбіт тұрғындарды аяусыз ұрған. Олардың бірі қайтыс болды. Бұл туралы бүгін Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Прокурор адам өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық жасағаны үшін бұрын сотты болған 21 тұлға ұсталғанын, олардың арасында «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің де барын мәлім етті.

«Қазіргі таңда ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 мүшесі, адам өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық жасағаны үшін бұрын сотты болған 21 тұлға ұсталды. Олардың қатарында «Дикий Арман» лақап атымен танымал – Жұмагелдиев және оның топ мүшелері де бар. Бұл тұлға туралы жеке тоқталып өтемін», - деді ол ОКҚ өткен брифинг кезінде.

Оның мәліметіне сүйенсек, Арманның қаруланған адамдары кездейсоқ өтіп бара жатқан 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстаған.

«Оларды бір жерден екінші жерге апарып ұрып-соққан, нәтижесінде бір адам қаза болған», - деді Бас прокуратураның өкілі.

Арман мен оның жақтастары 12-ші қалалық ауруханада полиция қызметкерін соққыға жығып, қызметтік қаруын тартып алған. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Жұмагелдиев босатылған немесе оны белгісіз бағытта алып кеткен деген түрлі болжамдар мен жалған ақпараттар таралуда.

«Егер басында полициямен бұл азамат заңсыз қару сақтағаны үшін ұсталған болса, қазір оған қатысты жаппай тәртіпсіздіктер бойынша іс тергеліп жатқанын ресми түрде хабарлаймын», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар трагедиясы кезінде Алматыдағы орталық алаңға шыққан Арман Жұмагелдиев көп алдында балағат сөздер айтып, көзге түскен еді. Кейін, құқық қорғау органдары оны қолға түсірген.

Бірнеше адам оған авдокат болуға дайын екенін айтып, Жұмагелдиевтің ісін қорғауға кіріскен.

Өткен аптаның соңына қарай оның адвокаты Талғат Есімов Арман Жұмагелдиев ешқандай уақытша қамау изоляторында жоқ екенін айтып, дабыл қаққан болатын. Кейін адвокаты оның табылғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары