$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.02.2022, 11:46
Оқиғалар

Павлодарда өрттен ер адамның денесінің 70 пайызын күйік шалды

Өрттің шығуына отты абайсыз қолдануы себеп болған

Павлодарда өрттен ер адамның денесінің 70 пайызын күйік шалды

Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметінің күштері мен құралдарынан 7 қызметкері және  екі техника, АМО, «103», «102» қызметтері жіберілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылғы 6 ақпанда  сағат 18.45-те  «101» желісіне Сейфуллин көшесі, 9 мекенжайы бойынша қамысты жеке тұрғын үйде төбенің жанғаны туралы хабарлама түскен.

«Өрт сөндірушілер шақырту орнына келгеннен кейін екі пәтерлі, каркасты қамысты жеке тұрғын үйде жалпы ауданы 60 шаршы метр болатын ағаш конструкциясы жанып, жалынның іргелес салынған уақытша үйге көшкенін анықтады. Өрт  болған жерден 2-3 дәрежелі 70% термиялық күйік шалған 1980 жылы туған азамат № 1 Павлодар қалалық ауруханасына жатқызылды. Сондай-ақ 1980 жылы туған азаматша ауруханаға жатқызудан бас тартты», - дейді департаментте.

Тілсіз жау салдарынан келтірілген материалдық шығын көлемі анықталуда. Өрттің шығуына отты абайсыз қолдануы себеп болған.

Серіктес жаңалықтары