«Көлікті арақ ішіп айдаған»: СҚО-да мас жүргізуші ерлі-зайыптыны қағып өлтірді

Azattyq Rýhy

32 жастағы күдікті қамауға алынды

Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында болған жол көлік оқиғасы салдарынан ерлі-зайыпты жұп қаза тапты деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Мас жүргізуші жаяу кетіп бара жатқан ер азамат пен оның әйелін қағып кеткен.

Оқиға 3 ақпанға қараған түні Волошинка ауылының маңында болған. Жол бойымен жаяу кетіп бара жатқан ерлі-зайыпты екі адамды «Ford Focus» көлігі қағып кеткен. Ол оқиға орнында ұсталды. Кейінірек тексеру барысында белгілі болғандай, жүргізуші алкогольдік ішімдік ішіп рөлге отырған екен.

«Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1 бабының 4-бөлігі «Абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне алып келген алкогольдік масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 32 жастағы жүргізуші, Волошинка ауылының тұрғыны, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген полиция таратқан хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.