$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.02.2022, 23:24
Оқиғалар

Ақтөбеде сегіз жастағы қызды зорлаған педофил 22 жылға сотталды

Айыпталушы жеткіншекке зорлық-зомбылық  жасап, қашып кеткен

Ақтөбеде сегіз жастағы қыз балаға зорлық жасаған педофил 22 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, айыпталушы жеткіншекке зорлық-зомбылық  жасап, қашып кеткен.

Еске салайық, оқиға былтыр қыркүйекте болған. Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі жатақханалардың бірінде тұратын қыз бала сол күні үйінде жалғыз болған. Есік ұрып, үйге кірген белгісіз адам соны пайдаланып, арам ойын жүзеге асырған. Күдік туғызатын дауыстарды естіген көршілері полицияға хабар берген.    

«Сот үкімімен Б.Н. Нуржанов  кінәлі деп танылып, оған сот үкімдерінің және қылмыстардың жиынтығымен түпкілікті 22 жылға бас бостандығынан айырып, өмір бойына педагогикалық лауызымдарын атқару және кәмелетке толмаған балалармен өмір бойына жұмыс істеуден айыру жазасын тағайындап, төтенше қауіпсіз мекемеде өтеуді белгіледі. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деді Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Анар Айтжанова.

Серіктес жаңалықтары