01.02.2022, 02:33
Оқиғалар
Тоқаев Бейжің олимпиадасының ашылу салтанатына қатысады
Қысқы ойындардың ресми түрде ашылу салтанаты 4 ақпанға жоспарланған
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңде өтетін Қысқы олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ақпанның 4-5 күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барады.
Сонымен қатар сапар барысында Қазақстан Президенті мен Қытай Төрағасы екіжақты келіссөз жүргізеді деп жоспарланған», - деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетелік, қысқы ойындардың ресми түрде ашылу салтанаты 4 ақпанға жоспарланған.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы