Атырауда жоғалып кеткен 65 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр
Ер адам 28 қаңтарда үйден шығып кетіп, сол күйі оралмаған
Атырау облысында жоғалып кеткен 65 жастағы ер адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, Атырау облысы Махамбет ауданына қарасты Сарайшық және Бейбарыс елдімекендерінің маңында із-түзсіз жоғалып кеткен 1957 жылғы азаматты іздеу жұмыстары жалғасуда.
Ер адам 28 қаңтарда үйден шығып кетіп, сол күйі оралмаған.
«Іздеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанына үшінші күн болды. Кинологиялық бригаданың көмегімен жақын маңдағы аумақты айналып өту және Жайық өзеніне сүңгуірлік түсіру жұмыстары жүргізілуде.
Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері, 1 кинологиялық бригадасы мен 2 бірлік техникасы, жергілікті полиция қызметінің 1 қызметкері мен 1 бірлік техникасы, РОП 2 қызметкері мен 2 бірлік техникасы, еріктілер мен олардың 7 бірлік техникасы жұмылдырылды», - делінген хабарламада.