20.01.2022, 15:57
Оқиғалар
Павлодарда балықшы мұздың астына түсіп, көз жұмды
1983 жылы туған азамат суға батып кетті
Суға батқан адамның денесін екі құтқарушы алып шықты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 12:44-те суға батқан адам туралы хабарлама түскен.
18 қаңтарда Шідерті кентінде Қаныш Сәтбаев атындағы каналда, автомобиль көпірі ауданында 1983 жылы туған азамат батып кетті.
Куәгердің айтуынша ол балық аулау үшін мұзбен каналдың ортасына қарай бет алған.
«Куәгер редукторын ретке келтірмек болып бұрыла бергенде ер адам мұздың астына түсіп кеткен. Куәгер дереу 112 нөміріне хабар берді», - дейді департаментте.
Оқиға орнына құтқарушылар мен ТЖБ қызметкерлері шықты.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті