ШҚО-да жанармайға бөлінген қаржыны жымқырған мекеме басшысы сотталды
Сот үкімімен «ШҚО туристік ақпараттық орталығының» басшысы 2 жылға, бас есепші 1,5 жылға бас бостандығынан айрылды
«ШҚО туристік ақпараттық орталығы» КММ басшысы мен бас есепшісі ірі көлемде ақша жымқырғаны үшін сотталды деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің баспасөз қызметі.
Орталық басшысы С.Рамазанов пен бас есепші Г.Ислямова ұзақ уақыт бойы жанар-жағармай талондарын есептен шығару және азаматтарды жұмысқа орналастыру секілді заңсыз әрекеттерін жүзеге асырып келген. Жуырда тергеу аяқталып, олардың ісі сотқа жолданған болатын.
«10 қаңтарда Өскемен қалалық № 2 сотының үкімімен аталған тұлғалар ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, С.Рамазановқа – 2 жыл бас бостандығынан айыру түрінде, Г.Ислямоваға – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды», - делінген хабарламада.
Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айрылды