Алматыда Gelendwagen айдаған 6 жасар баланың әкесі жазаланды
Ер азаматтың үстінен ҚР Әкімшілік кодексінің 612-бабы 5-тармағы бойынша хаттама толтырылған
Оқиға өткен жылдың қараша айында болған. Атышулы видеоролик те Интернетке сол уақытта жүктеліпті. Дегенмен, тәртіп сақшылары бұл туралы енді біліп отыр.
Видеороликте 6 жасар баланың Mercedes-Benz Gelendwagen автокөлігіне отырып, оны айдап кеткенін анық көруге болады. Кейін жанында отырған әкесі одан жасын сұрайды, бала «алтыда» деп жауап берген.
Полицейлер кішкентай баланың әкесін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
«Бұл жайт үйрену полигонында болған. Соған қарамастан, баланың әкесі қауіптің бар екенін ескеруі керек еді. Өйткені, ол әлі тым кішкентай. Ер азамат өзінің заң бұзғанын түсініп, айыппұл төлеуге қарсылық білдірген жоқ және келесі жолы баласын көлік тізгініне отырғызбауға уәде берді», - деді алматылық полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.