18.01.2022, 15:08
Оқиғалар
Өскеменде ер адам зейнеткерді пышақпен қорқытып, 10 мың теңгесін алып кетті
Күдікті кінәсін толық мойындады
Фото ашық дереккөзден
Өскемен қаласы Полиция басқармасының Ертіс полиция бөліміне 69 жастағы зейнеткер хабарласып, көршісі пышақпен қорқытып, 10 мың теңге және ұялы телефонын алып кеткенін айтып шағымданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 45 жастағы жәбірленушінің көршісін анықтап, полиция бөліміне жеткізген. Ер адам бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, сондай-ақ Ұлан ауданы бойынша қылмыстық атқару жүйесінде есепте тұратыны анықталған.
«Күдікті өз кінәсін толық мойындады, алайда заттай дәлелдемелер толық алынбаған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 192 - бабы 1б. сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деп хабарлайды Өскемен қаласы ПБ бастығы Андрей Мула.
Көп оқылған
29.08.2026, 07:23
Жаңбыр, найзағай және аптап: 29 тамызда елде құбылмалы ауа райы күтіледі
29.08.2026, 08:31
Алматыдағы кафеден өрт шықты: құтқарушылар 15 адамды эвакуациялады
29.08.2026, 10:03
Астанадағы сауда орталықтарының бірінде пышақпен адамдарды қорқытқан жігіт ұсталды
29.08.2026, 12:39
Дубайда қаза тапқан Қазақстан азаматтарының денелері елге жеткізілді: СІМ мәлімдеме жасады
29.08.2026, 20:31
Үсік, нөсер және қатты жел: 30 тамызда ауа райы бұзылады
29.08.2026, 15:20
30 тамыз күні ауа райы қандай болады