$ 503.61  524.96  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.01.2022, 14:40
Оқиғалар

Жезқазғанда ломбард қызметкерлері 25 млн теңгені қолды етті

Күдіктілер ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді

Жезқазғанда ломбард қызметкерлері 25 млн теңгені қолды етті
Фото ашық дереккөзден

Жезқазғанда ломбард қызметкерлері 25 млн теңгені қолды еткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қаңтар күні Жезқазған қалалық Полиция басқармасына қаладағы ломбардтардың бірінің иесі арызданып, кезекті ревизия жасау кезінде қомақты ақшамен алтын бұйымдардың жетіспеушілігін айтқан. Келтірілген шығын көлемі 25 млн 850 мың теңгені құраған.

Полиция қызметкерлері жүргізген іс-шаралар барысында аталған іске қатысты күдіктілерді анықтады. Олар 29 бен 30 жас аралығындағы бағалаушы сарапшы мен аудитор және 33 жастағы азаматша мен 35 жастағы қала тұрғыны екені белгілі болды.

Күдіктілер ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары