$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.01.2022, 15:58
Оқиғалар

ШҚО-да «балгерге» барып бағын ашамын деген әйел 700 мың теңгеге жуық ақшасынан айырылды

Ол ер адамдардың назарын аударту үшін «балгердің» көмегіне жүгінген

ШҚО-да «балгерге» барып бағын ашамын деген әйел 700 мың теңгеге жуық ақшасынан айырылды

ШҚО-да әйел адам «балгерге» жүгініп, қолындағы бар ақшасынан айырылды, деп хабарлайды өңірлік ПД баспасөз қызметі.

«2021 жылдың желтоқсан айының соңында Үржар АПБ кезекші бөліміне 41 жастағы жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түсті, ол оның үйіне келген ұлты сыған «балгер» әйел сенімге кіре отырып, ерлердің назарын аудару үшін дұға оқимын деп, оның 270 000 теңге сомасындағы ақшасын, 4 алтын сақина мен бір алтын сырғасын иемденіп алғанын хабарлады. Келтірілген залал 680 000 теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері Алматы қаласының 43 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі- «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары