ШұғылҚазақстанда коронавирустан бір аптада 265 адам көз жұмды

Грекиядағы кеме апатынан 12 мигрант суға батып кетті

Қайғылы оқиға аралдың оңтүстік-шығысынан 13 миль қашықта болған

© Грекия жағалау күзеті қызметі

Сенбі күні Грекия маңындағы Пакси аралдарына жақын тұста заңсыз мигранттар отырған кеме Ион теңізіне батып кетті. Бұл туралы Грекияның жағалау күзеті хабарлаған, деп жазады Azattyq Rýhy.  

Қайғылы оқиға аралдың оңтүстік-шығысынан 13 миль қашықта болған. 

Жағалау күзетінің мәліметінше, 21 адам құтқарылған, 12 адам суға батып мерт болған. Кемеде 50-ге жуық адам болған деген де мәлімет тарауда.

Қазір апат болған аумақта іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Оған жағалау күзетінің алты күзет кемесі мен жақын маңдағы аралдар билігі де атсалысуда, сондай-ақ, екі тікұшақ пен әскери-теңіз флотының бір кемесі жұмылдырылған.

Жағалау күзеті құтқарылған үш мигранттың тікұшақпен ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді. 

Сұхбат
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
Филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовпен латын әліпбиіне қатысты сұхбат
Имамның айтуынша, құрбандыққа шалынған мал етін алуға өтініш бергендер саны басымырақ