Павлодарда зейнеткер терезеден дүкеннің төбесіне құлап кетті
Ер адам 4-қабатта орналасқан өз пәтерінің терезесінен құлап кеткен
Павлодар қаласында зейнеткер терезеден дүкеннің төбесіне құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
68 жастағы азаматтың денесі Павлодар қаласындағы Сәтбаев көшесінде орналасқан «Счастье» дүкенінің төбесінен табылған.
«Жазатайым оқиға 10 қаңтарда сағат 02:00-де орын алды. Қатты гүрсілді естіген көршісінен хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері дүкеннің төбесінен 1952 жылы туған ер адамның денесін тапқан», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам 4-қабатта орналасқан өз пәтерінің терезесінен құлап кеткен.
Полицейлер қазір оқиғаның мән-жайын анықтауда, сот-медициналық сараптама тағайындалды.