Петропавлда түрмеге жүк көлігімен ұялы телефон алып өтпек болған жүргізуші жазаланды

Azattyq Rýhy

Жүргізушіге айыппұл салынды

Фото ашық дереккөзден

Петропавлда түзету мекемесіне жүк көлігімен үш ұялы телефон алып өтпек болған қылмыскер сотталды. Ол түрмедегі өндіріс орнына құрылыс материалдарын тасымалдаумен айналысқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Тексеру барысында Петропавл қаласының тұрғыны 60 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алу үшін жүк көлігінің салонында жасырын түрде мекеме аумағына ұялы телефондарды алып өтпек болғаны анықталды. Бұл тыйым салынған заттар сотталушыға тапсыруға арналған.

Петропавл қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы қаулысымен гр. «Б» ӘҚБтК-нің көрсетілген бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ұялы телефондары тәркіленіп, 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Әрбір сотталушыға телефон арқылы, оның ішінде аптасына бір рет бейнебайланыс арқылы сөйлесу құқығы берілгенін.

Эльмира Мәмбетқызы

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.