23.12.2021, 22:58
Оқиғалар
Қызылордада өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды
Марқұмның мәйітін құтқарушылар баспананың ортаңғы бөлмесінен тапты
Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Экспресс К» басылымына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға орынына өрт сөндірушілер жеткенше, баспананың төбе жабындысы толықтай жанып кетіпті. Ал күлі көкке ұшқан үйдің ішінен 59 жастағы ер азаматтың мәйіті шығарылған.
Марқұмның мәйітін құтқарушылар баспананың ортаңғы бөлмесінен тапты.
«Өрт сөндірушілер өрт ошағына кіріп ортаңғы бөлмеден 1962 жылғы ер азаматтың өлі денесін алып шықты. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр», - деп мәлімдеді өрт сөндіру қызметі.
Көп оқылған
22.11.2026, 08:33
Елордада тұмау жұқтырғандар көбейді: науқастар арасында балалар мен жүкті әйелдер бар
22.11.2026, 16:07
23 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
22.11.2026, 10:40
Ақтөбе облысында көліктің барлық түрі үшін жол ашылды
22.11.2026, 07:29
Астанада жаңбыр қарға ұласып, Шымкентте найзағай ойнайды: үш мегаполисте ауа райы құбылады
22.11.2026, 13:15
СҚО-да жабылған тасжолдардағы қозғалыс қайта ашылды
22.11.2026, 06:19
Қазақстандық дзюдошы Санжар Ерұланұлы Ташкентте әлем чемпионы атанды
