Ақтауда Land Cruiser жүргізушісі әйел адамды баласымен бірге қағып кетті
Оқиға өткен түнде болды
Қайғылы оқиға 2021 жылдың 20 желтоқсанында 16 және 19 шағын аудандар арасында болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды
Ақтау полиция басқармасының «102» кезекші пультіне шақырту 2021 жылғы 20 желтоқсан сағат 23:45-те түсті.
«Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Нәтижесінде 29 жастағы әйел алған жарақаттарынан қайтыс болды. Ал бес жасар қызы Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, ол да есін жия алмай, қайтыс болды», - деп хабарлады облыстың полиция департаменті.
Облыстық балалар ауруханасында дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ баланы құтқару мүмкін болмады деп хабарлады.
«Бүлдіршінді сағат 00:26-да облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жедел жәрдем көлігімен жеткізді. Дәрігерлер 3-дәрежелі травматикалық шок, политравма, көкбауыр, асқазан және бауырдың жарылуы, ауыр дәрежелі жабық бас сүйек-ми жарақаты диагнозын қойды. Дәрігерлердің күшімен жедел емдеу жүргізілді, бірақ, өкінішке қарай, таңғы сағат беске жақын қызда жүрек ұстамасы анықталды», - деп хабарлады облыстық балалар ауруханасы.
Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде.
«Тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп атап өтті полицияда.