$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.12.2021, 02:52
Оқиғалар

Павлодар облысында бірнеше әкім жазаланды

Шенеуніктерге жалпы сомасы 6 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

Павлодар облысында бірнеше әкім жазаланды

2021 жылдың басынан бастап полиция қызметкерлері жолдарға 1260 тексеру жүргізді, анықталған ақаулар бойынша жолдарды күтіп ұстаушылардың атына кемшіліктерді жоюға 1265 ұйғарым енгізілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру нәтижелері бойынша жолдарды күтіп ұстауға жауапты 220 адам түрлі әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 21 ауыл және ауылдық округ әкімі бар. 

«Жалпы сомасы 6 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Мәселен, автожолдарды қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін ҚР ӘҚБК 631-бабы – «Жолдарда жұмыс жүргізу, жолдар мен жол құрылыстарын күтіп ұстау ережелерін бұзу» бойынша «ҚазАвтоЖол»  Павлодар филиалының директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Бәкібай Ахмедьянов.

Жол төсемінің нашар болуы да жол-көлік оқиғаларының себептерінің бірі болуы мүмкін. Полиция департаменті жол-көлік оқиғасының  алдын алу, өңір жолдарында жарақаттану мен өлім-жітім деңгейін төмендету мақсатында тұрақты негізде жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға, оның ішінде республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарға тексеру жүргізеді.

«Теміржол өткелдері де назардан тыс қалған жоқ. 190 теміржол өтпесі тексеріліп,  қажетті жол белгілерінің болмауы, дұрыс жарықтандырылмау, төсемнің қанағаттанарлықсыз жағдайы сияқты ақаулар анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша 27 лауазымды тұлға теміржол өткелдерін қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 750 мыңнан астам теңгені құрады», - дейді Бәкібай Ахмедьянов.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері қоғамдық көлік пен заңды тұлғалар көлігінің техникалық жағдайын тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Түрлі бұзушылықтар үшін 119 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: 96-сы ҚР ӘҚБК 617-бабы бойынша  (техникалық ақаулары бар көлік құралдарын пайдалануға шығару және өзге де пайдалану ережелерін бұзу), 15-і ҚР ӘҚБК 619-бабы бойынша (көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ не одан айырылған жүргізушінің көлік құралын басқаруы), 16-сы ҚР ӘҚБК 619-1 бабы бойынша (мас күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы).

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда республикалық маңызы бар 34 км автомобиль жолы қайта жаңартылуда.

 
Серіктес жаңалықтары