$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.12.2021, 22:57
Оқиғалар

Ақтөбе облысында «ауылға бомба қойылғанын ескерткен» студент қамауға алынды

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салынады

Ақтөбе облысында «ауылға бомба қойылғанын ескерткен» студент қамауға алынды
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында Жосалы ауылында жарылғыш зат бар деп хабарлама берген күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

13 желтоқсан күні сағат 01:30 шамасында Ақтөбе облысы ПД Қарғалы аудандық ПБ кезекші бөліміне ер адам қоңырау шалды. Оның айтуынша, Қарғалы ауданының Жосалы ауылына бомба қойылған.

Оқиға орнына полиция жасақтары, авариялық-құтқару қызметінің қызметкерлері, Қарғалы ауданының жедел медициналық жәрдем бригадасы жіберілді.

«Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында учаскелік полиция инспекторы күдікті ретінде 18 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол колледж студенті болып шықты. Жас жігіт әзілдеп айтқанын мойындады. Қылмыстық кодекстің «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 5000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салынады. Тіпті түзету жұмыстарына тартылып, 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған

Серіктес жаңалықтары