16.12.2021, 09:44
Оқиғалар
Қызылорда облысында белгісіз біреулер жасөспірімдерге оқ атты
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда
Фото ашық дереккөзден
Қызылорда облысының Қармақшы ауданына қарасты Төретам ауылындағы аялдамалардың бірінде кеше сағат 18:00 шамасында белгісіз біреулер үш жасөспірімге оқ атқан. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Департамент таратқан хабарламаға сүйенсек, оқ тиіп жарақат алған балалар кәмелетке жасқа толмаған. Зардап шеккен жасөспірімдер ауруханаға жеткізілді.
Полиция қызметкерлері қылмыстық іске қатысы бар күдіктілерді ізін суытпай қолға түсірген.
«Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚК-тің 24-бап, 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жағдайдың мән-жайы анықталуда», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді