Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындар жаппай эвакуацияланды
ТЖД 120-дан астам адам эвакуацияланғанын, 20 адамның құтқарылғанын мәлімдеді
Алматыда «Алтын бұлақ-2» тұрғын үй кешенінен өрт шығып, тұрғындар жаппай эвакуацияланды. Бұл туралы Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомствоның баспасөз қызметі Алмалы ауданы, Брусилов көшесіндегі 167 үйде өрт шыққанын, өрт сөндірушілер жеткен сәтте, яғни сағат 00:08-де «Алтын бұлақ-2» тұрғын үй кешенінің 6-7, сондай ақ 17-18-ші қабаттары жанып жатқанын хабарлады.
Өрт сағат 01:10-да оқшауланған.
«Тілсіз жауды ауыздықтауға 70-тен астам қызметкер мен 18 техника жұмылдырылған. Эвакуация жүріп жатыр. Сол жерде тұрған жеке көліктердің көп болуы өрт сөндіру техникасына кедергі болғанына қарамастан, өрт баспалдақтары қойылды, адамдарды құтқару және эвакуациялау үшін АКТП-54 автоматты телескоптық топсалы көтергіш пайдаланылды», - деп хабарлады ведомстводан.
Оқиға орнында жедел штаб құрылып, газ-түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері шығыс және батыс жағында орналастырылды.
«Қазіргі уақытта 120-дан астам адам эвакуацияланды, 20 адам құтқарылды, өрт сөндіру стволдары енгізілді, гидранттарға цистерналар орнатылды», - дедіАлматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.