$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.12.2021, 01:48
Оқиғалар

Семейде рұқсатсыз жұмыс істеген 10 шетелдік азамат елден шығарылды

Заңнамаға сәйкес шетелдіктерге 5 жыл мерзімге Қазақстанға кіруге тыйым салынады

Семейде рұқсатсыз жұмыс істеген 10 шетелдік азамат елден шығарылды

«Мигрант» жедел алдын алу шарасы аясында көші-қоны заңнамасын бұзғаны үшін ШҚО-да 100-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Шетел азаматтарының уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырып жүргендерін анықтау бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Айта кету керек, Семей қаласында Өзбекстан Республикасының 10 азаматы жеке тұлғада еңбек қызметін жүзеге асыру үшін рұқсат алған. Алайда уәкілетті органның рұқсатынсыз жеке кәсіпкердің көп қабатты үйінің құрылысында жұмыс жасаған.

«Жеке кәсіпкер көрсетілген құқық бұзушылық бойынша мемлекет кірісіне 30 АЕК көлемінде айыппұл төлеу қажет. Ал шетелдіктер сот шешімімен елден тысқары шығарылады», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шетелдіктерге 5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салынады.

 
Серіктес жаңалықтары