Павлодарда 115 жылқы ұрлаған азамат Мәскеуде қолға түсті
Ер адам Мәскеу метроларының бірінің станциясында ұсталды
115 жылқы ұрлап, жасырынып жүрген павлодарлық Мәскеуде ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
115 бас жылқы ұрлады деп күдіктелетін Павлодар облысының 54 жастағы тұрғыны сот төрелігінен қашып, елден тыс жерге кеткен.
«Павлодарлық полиция қызметкерлері Ресей Федерациясы Мәскеу қаласының қылмыстық іздестіру бойынша әріптестерімен бірлескен жедел іс-шаралары нәтижесінде, қашқынның жүрген жерін анықтады.
Ер адам Мәскеу метроларының бірінің станциясында ұсталды. Ол полициядан үш жыл бойы жасырынған», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта бірқатар қажетті тексерулер жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау туралы мәселе шешілетін болады.
Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысының жедел уәкілдерінің күшімен қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған 96 қылмыстық қылмыскер ұсталды.