ШҚО-да 1,5 млн теңгеге жуық қарызы бар борышкер ұсталды
Көші-қон қызметінің қызметкерлері 28 жастағы борышкерді анықтады

ШҚО-да 1,5 миллион теңгеге жуық қарызы бар борышкер анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
«Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметінің қызметкерлері жеке кәсіпкерге 1,5 миллион теңге қарыз болған 28 жастағы борышкерді анықтады.
«Іздестіру шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері борышкердің Нұр-Сұлтан қаласынан Шымкент қаласына дейін билет сатып алғаны анықтады. 9 желтоқсанда Нұр-Сұлтан теміржол вокзалында ер адам пойыздан шығарылды. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады», - делінген хабарламада.
Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБК 669-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК 139-бабы) көзделгенін ескертеді.