Қызылордада сотталған адам суицид жасады

Azattyq Rýhy

Қазіргі таңда қызметтік тексеріс тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде

Қызылордада облысында сотталған адам өзіне-өзіне қол салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Осы жылдың 2 желтоқсанында Қызылорда облысы бойынша қауіпсіздігі аралас мекемесінде орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, өлімнің себебі – суицид.

Оқиға орын алған жерге жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері және ҚАЖ департаменті басшылығы барды. Бейнебақылау камераларынан материалдар зерделеніп, басқа сотталғандармен сұхбат жүргізілді. Тескеру нәтижесінде оған қатысты заңсыз іс-әрекеттер болмағандығы анықталды. Сотталған ҚР ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігі, 99 бабы 1 бөлігімен сотталған», - делінген облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті таратқан хабарламада.

Айта кету керек, сотталған «өз-өзіне қол жұмсауға бейім» ретінде мекеменің психологиялық қызметінің профилактикалық есебінде тұрады сонымен қоса оған «Органикалық галлюциноз» диагнозы қойылған.

Қазіргі таңда қызметтік тексеріс тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.