$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.12.2021, 15:46
Оқиғалар

60 жастағы семейлік тұрғын бизнестегі серіктесін алдап кеткен

Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысып жатыр

60 жастағы семейлік тұрғын бизнестегі серіктесін алдап кеткен
Фото: tengrinews.kz

Семей қаласының 60 жастағы тұрғыны бизнестегі серіктесін алдап кеткен, деп жазады Аltaynews.kz.

Көші-қон полициясы басқармасы жұмысының негізгі бағыттарының бірі – алимент төлеуден жалтарғандар мен борышкерлерді іздестіру.

Мәселен, осы жылдың қараша айында Семей қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысының 60 жастағы бизнес серіктесінің пайдасына шамамен 3 500 000 теңге қарызды өндіріп алу туралы қаулысы келіп түсті. Ер адам ақшаны қарызға алып, белгіленген мерзімде қайтармағаны белгілі болды.

«Борышкерге іздеу жариялағаннан кейін көші-қон қызметінің қызметкерлері оның 4 күн ішінде Алматы облысында тұрып жатқанын анықтады. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысуда», - делінген ақпаратта.

ШҚО ПД көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

 

Серіктес жаңалықтары