Ақтөбеде қыз зорлады деген күдікті түрмеден қашып кетті
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
24 қарашада Ақтөбе облысындағы уақытша ұстау изоляторынан ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқан азамат қашып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел іздестіру шаралары барысында қашып кеткен азамат мекеме орналасқан аумақта бір сағаттан соң қолға түсіп, қайта қамауға алынды.
«Аталған факт бойынша Ақтөбе облысының Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 426-бабы (бас бостандығынан айыру орындарынан, қамауға алудан немесе күзетпен ұстаудан қашу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін ҚАЖ комитеті қызметкерлері қызметтік тексеру тағайындап, оның қорытындысы бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қолданылатын болады», - делінген хабарламада.
Басқа ақпарат тергеу талаптарына сәйкес жариялауға жатпайды.