25.11.2021, 23:36
Оқиғалар
Самара – Шымкент тасжолындағы жол апатынан көлік жүргізушісі көз жұмды
Жол апаты Белқопа кентінің жанында болды
Самара – Шымкент автожолындағы жол апатынан жеңіл көлік жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz..
"25 қараша күні сағат 11:30-да Самара – Шымкент автожолының 932 шақырымындағы Белқопа кентінің жанындағы жол апаты болды. Honda автокөлігінің жүргізушісі арақашықтықты есептемей, баса озу маневрын жасауы салдарынан DAF (фура) жүк автомашинасымен соқтығысқан", - делінген хабарламада
ЖКО салдарынан Honda автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, жүргізуші түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жатқызылды.
Осыған байланысты, полицейлер жол жүру ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдықты шамадан тыс асырмауды, қарсы қозғалыс жолағына шықпауды сұрайды.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді