Қостанайда бюджеттен 7,3 млн теңге жымқырған бухгалтер сотталды

Azattyq Rýhy

Ветстанцияның бас бухгалтері өзінің және ветстанция қызметкерлерінің карта шоттарына ақшалай қаражатты заңсыз аударған

 
Қостанайда бюджеттен 7,3 млн теңге жымқырған бухгалтер сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «Қазына» жедел-алдын алу шарасын жүргізу барысында Әулиекөл ауылындағы «Әулиекөл ауданының ветеринариялық станциясы» КМК-да бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ветстанцияның бас бухгалтері Ж. Ақмурзина өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, өзінің жеке шотына және ветстанция қызметкерлерінің карта шоттарына ақшалай қаражатты заңсыз аударған. Бұл ретте, төлемдердің негізі «құрылыс қызметтері үшін төлем» деп көрсетілді, бірақ қызмет көрсету бойынша растайтын құжаттар жоқ. Нәтижесінде Ж. Ақмурзина мемлекеттік бюджеттен 7,3 миллион теңгеден астам қаражат жымқырды», – делінген хабарламада.

 Бас бухгалтер 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.