$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Менің өліміме мекеме әкімшілігін кінәлі деп таныңыздар»: Қарағандыда жазасын өтеуші шағымын жеткізді

Әлеуметтік желіде Қарағанды облысындағы АК 159/18 түзету мекемесінде жазасын өтеушілердің бірі жазған видеоүндеу жарияланды.

Бейнежазбада денесіне шеге қадалған 25 жастағы жігіт мекеме басшылығынан қысым көргенін айтып, шағымын жеткізген.

«Мен сотталушы Сержан Біржанұлы 1996 жылы туғанмын. АК 159/18 мекемесіндемін. Менің өліміме мекеме әкімшілігін, нақтырақ айтқанда Әбілдин Мұхтар Аманжолұлы мен Ерғазы Сатталов Рахымжанұлын кінәлі деп таныңыздар», - дейді жазасын өтеуші.

Аталған мәселеге қатысты Қарағанды облысы ҚАЖ департаменті түсініктеме берді. Белгілі болғандай, 11-15 қараша аралығында АК-159/18 мекемесінде құқық бұзушылықтың алдын алу және пайдалануға тыйым салынған заттарды іздеу мақсатында тінту іс-шаралары жүргізілген.

«Тінту және алып қою процесі бейнебақылау камераларына, сондай-ақ колония мен Ұлттық ұлан қызметкерлерінің бейнежазба құралдарына тіркелді. Тінту барысында жазасын өтеушілер тарапынан шағымдар мен наразылықтар болған жоқ. Алайда тінту жұмыстары аяқталғаннан кейін сотталғандардың бірқатары өз-өзіне зиян келтіріп, осылайша тыйым салынған заттарды алуға қарсылықтарын білдірді», - делінген хабарламада.

Өткізілген іс-шара нәтижесі бойынша 40-тан астам мобильді құрылғы және 0,5 кг жуық есірткі заттары табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар, мамандандырылған прокуратура мен облыстық ҚАЖД басшылығы сотталғандардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Онда жазасын өтеушілер бұған дейін мекеме әкімшілігіне айтқан шағымдарын растамады.

Серіктес жаңалықтары