Астанадағы ірі СОО-лардың бірінде қыз бала қайтыс болды
Алғашқы көмек көрсетілгенмен тіл тартпай кетті
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Mega Silk Way» СОО-да қыз бала кенеттен есін жоғалтып, сол орнында тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Куәгерлердің айтуынша марқұм аяқастынан есін жоғалтып, жатқан жерінде селкілдеп, артынша көгеріп кеткен. Кезекші дәрігер дереу жетіп, алғашқы көмек жасамақ болған, бірақ жедел жәрдем жеткенше қыз бала тіл тартпай кетті.
«22 қараша күні 103 пультіне «Mega Silk Way» СОО-ның жанында қыз баланың ес-түссіз жатқаны туралы хабарлама түсті. Жәдел жәрдем бригадасы жеткенде оның қайтыс болғаны анықталды. Куәгерлердің айтуынша 1992 жылғы азаматша аяқастынан талып қалған. Медпункт мамандары жетіп, алғашқы көмек көрсеткенмен сәтсіз аяқталған. Марқұмның денесі полицияға берілді», - делінген қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.