22.11.2021, 10:59
Оқиғалар
Алматы облысында тасқын су иесіз иттер паналайтын орталықты шайып кетті
Құтқарушылар 150 итті қауіпсіз жерге шығарды
Алматы облысы Жамбыл ауданында Книжевское су қоймасындағы бөгеттің жарылуы салдарынан тасқын су иесіз иттер паналайтын орталықты шайып кетті, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Аталған орталық бөгеттен небәрі 500 метр қашықтықта орналасқан. Иттер орналасқан жерге су ішінара кірген. Оның деңгейі шамамен 15-20 см құрайды.
«Жануарлар аман. Паналау орнында барлығы 150 ит болған. Су басқан кезде ТЖМ құтқарушылары мен мекеме қызметкерлері жануарларды қауіпсіз жерге көшірген. Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеді», - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны елді мекендерді шаймағанын, адамдар дін-аман екенін хабарлаған болатын.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 10:22
Бизнесмендер футболға бет бұрды: биыл Қазақстанда қандай командалар жекеменшікке өтті
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды