$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.01.2020, 09:29
Оқиғалар

Алматыда троллейбус қағып кеткен азамат оқиға орнында көз жұмды

Марқұмның отбасына өтемақы төленеді

Алматыда троллейбус қағып кеткен азамат оқиға орнында көз жұмды
Фото: tengrinews.kz

Алматыдағы 12-ші бағыттағы троллейбус жүргізушісі Сәтпаев көшесінің бойымен жолаушыларсыз автопаркке қарай бет алған. Куәгерлердің айтуынша, жүргізушінің мазасы болмай, Розыбакиев көшесіне жетпейтін тұста тұрған Lexus GS 300 және Honda Accord маркалы екі көлікті соққан. Сосын тролллейбус тротуарға шығып, жаяу жүргіншіні қаққан. Троллейбус қаққан адам оқиға орнында қайтыс болды. Бұл туралы «АлматыЭлектротранс» АҚ facebook парақшасында хабарлады.

«Кеше, 5 қаңтарда, шамамен сағат 23:20-де троллейбус жүргізушісі Сәтпаев көшесімен шығысқа қарай автопаркке келе жатқан. Розыбакиев көшесіне жеткенде оның қан қысымы көтеріліп, ол есінен танып, көшеде тұрған Lexus GS300 және Honda Accord көліктеріне соқтығысып, тротуарға шығып кеткен және жаяу адамды қағып кеткен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері, тасымалдаушы компания өкілдері, жедел жәрдем келді. Келген дәрігерлер жаяу жүргіншіге медициналық көмек көрсетті, бірақ ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Марқұмның отбасына өтемақы төленеді», - делінген «АлматыЭлектротранс »АҚ хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары