18.11.2021, 22:09
Оқиғалар
Шымкенттік тұрғын ұлын «педофил» есебінен шығару үшін полицейге пара бермек болды
Аталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде
Фото ашық дереккөзден
Шымкенттік тұрғын ұлын “педофил” есебінен алу үшін полицейге пара бермек болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының тұрғыны Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкеріне 2008 жылы ҚК-нің 121-бабы 3-бөлігі (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша тіркелген “педофил” есебінен 27 жастағы ұлын алу үшін 25 мың теңге көлемінде пара ұсынған. Полиция қызметкері орын алған жайт туралы Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлеріне хабарлап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алды.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігімен (Пара беру) қылмыстық іс тіркеліп, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды