18.11.2021, 17:53
Оқиғалар
Степногорск қаласында әйел адам қайтыс болған науқастың ақшасын ұрлап кетті
Марқұм 8 қарашада қайтыс болған
Степногорск қаласында әйел адам қайтыс болған науқастың банк картасындағы ақшасын ұрлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
16 қарашада Степногорск қаласының Полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан ұрлық туралы арыз келіп түсті. 29 қазан мен 8 қараша аралығында «Halyk Bank» банк картасынан 309 мың теңге сомасында ақша қаражаты ұрланғаны анықталды.
Банк картасы 8 қарашада қайтыс болған науқасқа тиесілі болып шықты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті әйелді анықтады.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды