18.11.2021, 04:51
Оқиғалар
Қызылорда облысында 40 жастағы азамат баласымен бірге жоғалып кетті
Іздестіру жұмыстары жүргізілуде
Фото ашық дереккөзден
Қызылорда облысында әкесі мен баласы елсіз далада жоғалып кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Хабарламаға сүйенсек, оқиға 17 қарашада Жалағаш ауданына қарасты Аққыр ауылынан 150 шақырым жерде орналасқан аймақта екі адам жоғалып кеткен. Оның бірі -1981 жылғы азамат болса, екіншісі - оның 9-10 жастағы баласы.
«Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне бұл жөнінде хабарлама сағат 12.40-те түскен. Оқиға орнына жедел құтқару жасағы мамандары жетті. Бұл бағытта іздестіру жұмыстары жүргізіледі», - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды