17.11.2021, 23:46
Оқиғалар
Жолды кесіп өтпек болған 72 жастағы әйелді көлік қағып, мерт қылды
Егде жастағы әйел рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған
Фото ашық дереккөзден
Алматыда рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған 72 жастағы әйелді көлік қағып кетті. Кейуана оқиға орнында қайтыс болды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлады.
Департаменттің мәліметінше, адам өліміне әкелген жол-көлік апаты Райымбек даңғылынан төмен Механическая көшесінің бойында болған.
«Оқиға орнынан 200 метр жерде жаяу жүргіншілер өткелі бар. Бірақ, өкінішке орай, егде жастағы әйел жол ережесін елемей, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған. Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады полициядан.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды