16.11.2021, 23:51
Оқиғалар
Семейде құрылыс алаңынан адам сүйегі табылды
Полиция тергеу амалдарын бастады
Фото ашық дереккөзден
Семейдегі құрылыс алаңынан адам сүйегі табылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Ресми мәліметке сүйенсек, тәртіп сақшылары құрылыс алаңынан адам сүйегінің табылуына байланысты тергеу амалдарын бастады.
«14 қараша күні Семейдегі Новостройка ауданында адам сүйегі табылған. Қазіргі уақытта аталған факті қалалық Әуезов полиция бөлімінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады