$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.11.2021, 21:44
Оқиғалар

АҚШ-та тұратын қазақ жігіті суицид жасамақ болған әйелді аман алып қалды

Гавайи штатының мэрі оның батыл әрекеті үшін 8 қарашаны ресми түрде Ақжан Аңсағанов күні деп атады

АҚШ-та тұратын қазақ жігіті суицид жасамақ болған әйелді аман алып қалды
Фото ашық дереккөзден

Америкадағы Гавайи штатының мэрі әйел адамды суицидтен аман алып қалған отандасымыз Ақжан Аңсағановқа алғыс айтып, 8 қарашаны ресми түрде Ақжан Аңсағанов күні деп атаған.

28 жастағы Ақжан Аңсағанов америкалық әйелді ажалдан арашалап қалды.

Отандасымыздың батыл әрекеті туралы АҚШ-та тұратын журналист Талғат Алман өз Instagram парақшасында хабарлады.

Талғат Алман жариялаған видеода отандасымыз Ақжан мен басқа да куәгерлер суицид жасамақ болған әйелді сабырға шақырып отыр. Видео авторы америкалықты құтқарып қалған қазақ жігітімен сол күні танысқанын айтты.

"Бірнеше күн бұрын Ақжанмен таныстым. Ол расында да батыр деген атқа әбден лайық. 2 қарашада Шығыс Қазақстан облысының тумасы өз  шаруасымен кетіп бара жатып, суицид жасамақ болған әйелді бірінші болып байқап қалған. Біздің отандасымыз тез әрекет етіп, қайғылы жағдайдың алдын алды", - деп жазды Талғат.

Ақжан Шығыс Қазақстанда облысындғы Теректі ауылында дүниеге келген. АҚШ-та тұрып жатқанына бес жыл болған. Ол Америка инвестициялық компаниясының Орталық Азиядағы (Central Asia advisor to American Investment company) басшысының кеңесшісі болып қызмет атқарады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#АҚШ #суицид