16.11.2021, 14:46
Оқиғалар
Алматыда Mitsubishi жүргізушісі автотұрақ ақысын төлемеу үшін көлігіне жалған номер тағып жүрген
Жол талғамайтын көлік бірден айып тұрағына жеткізілді
Алматыда жол талғамайтын көлік жүргізушісі тұрақ ақысын төлемеу үшін жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген, деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдік полицейлер Mitsubishi Pajero көлігін Абылай хан мен Қазыбек би көшелерінің қиылысынан анықтады. Көлікке орнатылған түрлі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері тәртіп сақшыларының назарын аударды. Артынша көлік иесі анықталды. Ер адам өзін қорғап алу мақсатында тұрақ ақысын төлемеу үшін жалған нөмір орнатқанын айтты.
Бұл әрекеттер заңнамаға қайшы келеді және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Құқық бұзушыға айыппұл салынды. Оның көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады