12.11.2021, 15:10
Оқиғалар
Елордада Mercedes жүргізушісінің кесірінен жеті автокөлік соқтығысты
Оқиға салдарынан 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген
12 қараша күні таңғы сағат 08:10 шамасында астанадағы Түркістан көшесінде Mercedes автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, алдында тұрған Hyunday автокөлігін соққан. Соққының қатты болғаны сонша Mercedes-тен бөлек алты автокөлік зақымданды деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға салдарынан төрт жүргізуші мен бір жолаушы түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Полиция аталған жайт бойынша тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.
Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарын жолда барынша сақ болуға шақырады.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды