12.11.2021, 16:13
Оқиғалар
Ақтөбе облысының тұрғыны 600 литр спиртті заңсыз сатпақ болған
Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр
Ақтөбе облысында алкоголь өнімдерін заңсыз сату дерегінің жолы кесілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Заңсыз айналымға түсетін алкоголь өнімдерінің негізгі бөлігі көбінесе антисанитариялық жағдайда, жерасты цехтарында немесе үйде жасалады.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Ақтөбе облысының тұрғыны өз үйінде алкоголь өнімдерін жасап, ыдыстарға құйып, кейіннен облыстың сауда нүктелеріне өткізген.
«Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында 600 литр спирт, жалған ЕБМ, заттаңбалар, құюға арналған ыдыстар, сондай-ақ 7 мыңға жуық бөтелке дайын алкоголь өнімі тәркіленді», - делінген агенттік таратқан хабарламада.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды