$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.11.2021, 19:59
Оқиғалар

Тәшенова: Мамай мен Иманбаеваға қатысты санкциялар сот шешімі толық орындалғанға дейін жалғасады

Оларға енді Алматы бюджетіне жалпы 280 032 теңге төлеуге тура келеді

Тәшенова: Мамай мен Иманбаеваға қатысты санкциялар сот шешімі толық орындалғанға дейін жалғасады

Заңгер Айжан Тәшенова сот Жанболат Мамай мен Инга Иманбаеваның шағымын қанағаттандырудан бас тартқанын мәлім етті.

«Кеше және бүгін Алматы қаласы сотының апелляциялық алқасында заңгер Е.Қалиевтің Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның мүддесі үшін олардың сот шешімін орындамағанына байланысты №2 Әуезов аудандық сотының мемлекет кірісіне өсімпұл өндіріп алу туралы шешіміне қатысты берген жеке шағымдары қаралды.

Күтілгендей, сот борышкерлердің талаптарын қанағаттандырудан бас тартты. Бұл жағдайда, оларға енді Алматы бюджетіне жалпы 280 032 теңге төлеуге тура келеді.

Соттың шағымды қанағаттандырудан бас тартуы және оның себептері өте қарапайым. Мен осыған дейін жазғанымдай, жеке шағым заңнамалық тұрғыда сауатсыз дайындалған. Сонымен қатар, шағымда сот шешімінің күшін жою үшін бірде-бір заңды негіз жоқ», - деп жазды Айжан Тәшенова.

Ол өз сөзінде борышкерлер өздері де мұны жақсы түсінетінін, сондықтан Ж.Мамай отырысқа жеке қатыспауды жөн көріп, процесті тікелей эфирге трансляциялаудан бас тартқанын айтып өтт. Алайда, осыған дейін ол өзі сот жариялылығының түбегейлі маңыздылығын қоймай айтқан болатын.

«Бұл Мамайдың да, Иманбаеваның да өз позицияларының сенімсіз екенін түсінетіндігін айқын көрсетеді деп ойлаймын. Осы сот процестері борышкерлердің ішкі мотивтері мен шынайы бейнелерін, олардың барлық мәлімдемелерінің негізсіздігі мен жалғандығын ашып көрсетті.

Басқаша болу мүмкін де емес: жауапкерлер бірінші және екінші инстанциялардағы сотқа маған сенім білдіруші Б.Байбекке қатысты өздерінің ойдан шығарылған және толықтай жалған айыптауларына бірде-бір дәлел, факті, қандай да бір құжат ұсына алмады.

Ж.Мамай мен И.Иманбаева позициясының құқықтық тұрғыда әлсіздігін олардың заңгері Е.Қалиев те өз әрекеттерімен жақсы көрсетті. Ашығын айтқанда ол отырыстар барысында алаңдаулы екенін және өзіне сенімсіздігін көрсетті. Шын мәнінде, ол мәнді ештеңе айта алмады, сондықтан тек соттың және процестің басқа мүшелерінің барлық дәлелдерімен келісіп отырды», - деді Тәшенова.

Сөзін жалғай отырып, Е.Қалиев қолданыстағы іс жүргізу заңнамасына қайшы әрекет ететінін ерекше айтып өтті. Ол өз клиенттерінің өмірін қиындатуға тырысып, сотты жауапкерлерге қатысты барынша қатаң шараларды қолдануға итермелейтіндей көрінеді. Қалиев басты рөлдерде Ж.Мамай мен И.Иманбаева ойнайтын Алматы көшелерін сыпыру «шоуы» болуы үшін барлығын жасап жатқан сияқты, дейді Айжан Тәшенова.

«Алдында айтқанымдай, борышкерлерде Б.Байбектің ар-намысын, абыройын және іскерлік беделін қорғау туралы талап-арызы бойынша сот шешімінің күшін жоюға қол жеткізудің бір ғана заңды жолы болды – ол Жоғарғы сотқа жүгіну. Олардың шешімді орындауды кейінге қалдыру туралы өтініштерін Бас прокуратураға жіберуді барынша созу стратегиясы кәсіби ортада тек күмән мен сенімсіздік тудырды.

Кешегі отырыста, Е.Қалиев ақыры менің дұрыстығымды мойындады. Ол Жоғарғы сотқа өтініш жібергенін мәлімдеді. Кассациялық инстанция істі қайта қарау мүмкіндігінің заңды негізі болып саналатын ешқандай фактілер мен дәлелдердің жоқтығын басшылыққа ала отырып, істі қайта қараудан бас тартады деп сеніммен болжауға болады!

Дегенмен, Мамай мен Иманбаевада әлі де жария түрде масқара болудан құтылу мүмкіндігі бар. Ол үшін тек қана сот шешімін орындап, Б.Байбек туралы жалған материалдарды жойып, өздерінің YouTube-арнасында тиісті теріске шығаруды жарияласа жеткілікті», - деп жағдайды түсіндірді.

Ал кері жағдайда заңға сәйкес оларға қатысты санкциялар жалғаса бермек. Бұл ретте, 5 қарашада сот орындаушысы Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 сотына Мамай мен Иманбаеваның жүргізуші куәліктерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы тағы бір ұсыныс жолдады. Бұл шектеулер борышкерлер соттың заңды шешімін толық орындағаннан кейін ғана алынып тасталады.

«Мамай мен Иманбаева өздерін демократия мен құқық «қорғаушысы» ретінде көрсетпес бұрын, алдымен өздері заңға бағынатын азаматтар болу керектігін түсінуі тиіс. Айтпақшы, бүгін Мамай сот шешімін орындамағаны үшін оның көлік жүргізу құқығын шектеу заңды емес деп тағы бір шығарма жазыпты. Бұл оның заңгері Е.Қалиевтің кәсіби біліктілігінің төмендігін растайтын көріністің бірі.

Мәлімет ретінде сот шешімін орындамағаны үшін сот орындаушысы борышкердің көлік жүргізу құқығын пайдалануын шектеуге бастамашылық жасауға құқылы екендігі нақты жазылған заңнан үзіндіні қоса беріп отырмын.

Б.Байбектің өкілі ретінде бұдан әрі де еліміздің заңнамасына сәйкес сот шешімінің толық орындалуына қол жеткізетін боламын», - деп Айжан Тәшенова ойын аяқтады.

Серіктес жаңалықтары