10.11.2021, 11:34
Оқиғалар
Түркістан тұрғыны WhatsApp мессенджері арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 25 адамды тақырға отырғызған
Ол барлығы 24 млн теңге жинаған
Фото ашық дереккөзден
Қаржы мониторингі агенттігінің Түркістан облысындағы аймақтық департаменті WhatsApp мессенджері арқылы үш бірдей қаржы пирамидасын құрған күдіктілерді ұстады деп хабарлайды Агенттіктің баспасөз қызметі.
Департаментке Түркістан қаласының 25 тұрғыны шағымданып келген. Тексеру барысында белгілі болғаны, әйел адам мессенджерде «Асыл Инвест», «Оборот 30%» және «3 күнде 30%» деген атаулармен чаттар ашып, адамдардан ақша жинай бастаған. Салымшыларға ол салған ақшасының 30% беріп отыруға уәде беріпті. Ал, ақшаны өзінің Kaspi-картасына аудартып отырған.
Қазіргі таңда анықталғаны, күдікті әйел 24 миллион теңге жинап үлгеріпті. Агенттік мамандары болса тұрғындардан мұндай алаяқтық желілерге алданып қалмауын сұрайды.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды