$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.11.2021, 22:26
Оқиғалар

Ақмолалық тұрғынды екі жыл бойы бопсалап келген ер адам ұсталды

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Ақмолалық тұрғынды екі жыл бойы бопсалап келген ер адам ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Ақмола полицейлері тұрғынды екі жыл бойы бопсалаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығы тұрғынының өтініші бойынша бұрын жасалған қылмысты ашты.

«Жедел уәкілдер 2019-2021 жылдар аралығында екі жыл бойы белгісіз ер адам зорлық-зомбылық арқылы жәбірленушіден ақша талап еткенін анықтады. Күдікті талап еткен ақшалай төлемнің мөлшері 100-ден 500 мың теңгеге дейін құбылып отырған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 24 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны анықталды», - делінген ПД хабарламасында.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары