09.11.2021, 21:17
Оқиғалар
Алматыда құрылыс алаңында жұмысшы биіктен құлап қаза тапты
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде
Алматыдағы құрылыс алаңдарының бірінде қайғылы оқиға болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Самал-3 шағынауданындағы құрылыс алаңында болған.
«Белгілі болғанындай 25 жастағы құрылысшы биікте қауіпсіздік белдігінсіз жұмыс істеген. Жас жігіт жедел жәрдем бригадасы келгенше көз жұмды», - делінген қалалық ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша арнайы сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
«Сараптама қорытындысы бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті