$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.11.2021, 22:57
Оқиғалар

Риддерде өртеніп жатқан үйден бір адам құтқарылды

Өрт моншадан басталып, кейін гараж бен үйге қарай лап қойған

Риддерде өртеніп жатқан үйден бір адам құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында екі патруль қызметкері түнгі кезекшілік кезінде, өртеніп жатқан жер үйден 57 жастағы ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Екі аға лейтенант Ержан Омаров пен Ахметуәлі Ақанов өртті көрген кезде 112-ге звондайды. Бірақ өрт сөндірушілерді күтпей, өз өмірлерін қатерге тігіп, үйдің ішіне кіріп кетеді. Абырой болғанда онда тек бір адам болған», - деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.

Өрт моншадан басталып, кейін гараж бен үйге қарай лап қойған.

«Үй иесін қауіпсіз жерге апарып, екі тәртіп сақшысы гараждан оның көлігі мен басқа да газ балондарды сыртқа шығарған», - деп мәлімдейді ПД.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, олар өз әрекетін ерлік деп санамайды, олардың орнында кез-келген адам солай істейтін еді.

Серіктес жаңалықтары